Жеңіл атлетика қауымдастығы Азия біріншілігінде жеңіске жеткен спортшыларды ақшалай сыйақымен марапаттады. Үндістанда өткен құрлықтық сайыста Қазақстан атлеттері 8 медаль иеленді. Оның төртеуі алтын, екеуі күміс және екі қола медаль. Жеңімпаздың әрқайсысына 400 мың теңгеден бастап, 3 миллионға дейін қаржылай сыйлық табысталды. Құрлықтық біріншілікте жеңімпаз атанған желаяқтар енді әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
Елдос САПАРҒАЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азия біріншілігінде жеңіске жеткен спортшылар марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/29371/)