Айбек Нұғымаровтың 1/16 финалдағы қарсыласы – польшалық Петр Томаш Талач. Дзюдодан Польша чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы. Алматыда өткен «Еуразия барысы» турнирінің қатысушысы.
Бірінші айналымда 1 минут 13 секундта қырғызстандық Айбек Касманбетовты таза жеңген болатын.
Айбек Нұғымаров 2014 жылғы «Әлем барысы» турнирінің күміс жүлдегері. 2013 жылғы «Қазақстан барысының» жеңімпазы және 2012 жылғы қола жүлдегері.
Бұл белдесуде 2 минут 15 секундта Айбек Нұғымаров таза жеңіске жетті.
Естеріңізге саламыз, жарысты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Айбек Нұғымаров 1/16 финалда польшалық Петр Томаш Талачты жеңді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/29462/)