Еламан Ерғалиевтің лақап аты – «Қаратамыр». Ол «Қазақстан Барысы-2017» турнирінің жеңімпазы. Үшінші айналымда қазақстандық палуан дзюдодан Украина чемпионы, Дүниежүзілік Универсиаданың қола жүлдегері Антон Рудныкпен белдесті.
1 минут 7 секунд ішінде Еламан Ерғалиев жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті. Енді ол Айбек Нұғымаровпен кездеседі.
Айта кетейік, «Қазақстан Барысы-2017» турнирінің жеңімпазы бұған дейін оңтүстіккореялық Бейонгва Лиді 8 секундта жығып, таза жеңіске жетсе, алғашқы белдесуінде камерундық Дюдон Долассемді ұтқан болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еламан Ерғалиев келесі айналымда Айбек Нұғымаровпен кездеседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/29473/)