«Арбадағы би – өмірді өзгертетін спорт». Алматыда осындай атаумен Қазақстанның бірінші ашық параби конгресі өтті. Жиынға мүмкіндігі шектеулі қазақстандық спортшылармен бірге шетелдік қонақтар да қатысты. Олар осы би өнерінің тірек-қимыл аппараты зақымдалған адамның физикалық дамуы үшін маңызды екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, 2020 жылы Жапонияда өтетін Паралимпиада ойындарының құрамына кіретін жаңа спорттың қазіргі дамуы талқыланды. Ал, конгресс аясында арбадағы биден еуропалық және латынамерикалық әдістер бойынша шеберлік сабақтары да өткізілмек.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Қазақстанның бірінші ашық параби конгресі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/29500/)