Кеше Астанадағы «Қазанат» ипподромында ұлттық спорт - ат жарысы өтті. Бәйге қалалық ауқыммен шектелсе де, сәйгүліктердің саны аз емес. Елімізге танымал пырақтар осы жарыстан табылды. Жыл қорытындысына арналған бәйге бірнеше қашықтықты қамтыды. Олардың ең ұзағы - аламан бәйге. 25 шақырым. Сондай-ақ, қысқа қашықтықтар мен жорға сайысы сияқты тартысты кезеңдер өтті.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада жыл қорытындысына арналған ат жарысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/29507/)