Астана іргесіндегі Ильинка ауылында көлемі 1200 шаршы метрлік 3 қабатты спорт кешені бой көтерді. Бір ерекшелігі, алып спорттық нысанды салуға ел бюджетінен 1 теңге де шықпаған. Яғни, жергілікті спорт жанашыры және басқа да демеушілердің күшімен салынған. Ашылу салтанатына жиналғандар онда 6 спорт түрі бойынша секциялар жұмыс істейтінін білді. Оның ішінде бокс, дзюдо, таэквондо, каратэ сынды жекпе-жек түрлері бар. Бұған қоса, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спортты дамытуға да көңіл бөлінбек. Кешенді спорттық нысанда қонақүй мен асхана да қарастырылған. Яғни, ұлттық құрама спортшылары кез келген уақытта жоспарлы оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады. Айта кетерілігі, Астана іргесіндегі дәл осы ауылда бұған дейін ешқандай спорт кешені болмады.
Елдос САПАРҒАЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана іргесіндегі Ильинка ауылында жаңа спорт кешені ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/29528/)