Қазақ күресінен Алматыдағы «Алматы Арена» спорт кешенінде өткен «Еуразия Барысы» жарысында Қазақстан құрамасы бас жүлдені иеленді.
Ақтық сында Қазақстан құрамасы Алматы облысының «Қазақстан-2» командасымен кездесті. Нәтижесінде аталған командалар арасындағы тартысты белдесу «Қазақстан-1» жеңісімен аяқталды. Жалпы есеп - 5:3.
Осылайша, бірінші орын алған «Қазақстан-1» командасына 10 миллион теңге, екінші орын алған «Қазақстан-2» құрамасына алты миллион теңге және үшінші орын иеленген Өзбекстан командасына төрт миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
Спорт жанкүйерлеріне жарысты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетті.