![«Астана» - «Мидтьюлланд» ойыны «QAZSPORT» арнасының тікелей эфирінде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_115779.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясындағы елордалық «Астана» мен даниялық «Мидтьюлланд» командалары арасындағы ойын «QAZSPORT» арнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады.
Ойын 24 шілде күні 19:50-де басталады.
Естеріңізге сала кетейік, елордалық ұжым кәрі құрлықтың басты додасы аясындағы алғашқы іріктеу сынында черногориялық «Сутьесканы» жеңген болатын.
Сондай-ақ, «QAZSPORT» арнасы 26 шілде күні Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясында бақ сынайтын «Қайрат» және «Тобол» командаларының ойынын тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана» - «Мидтьюлланд» ойыны «QAZSPORT» арнасының тікелей эфирінде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/29797/)