Бозбалалар арасында жабағы үйретуден жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бозбалалар арасында жабағы үйретуден жарыс өтті

25.02.2019

Ақмолалық өрендер жабағы үйретуден жарысқа түсті. Жас атбегілер аламанына ауыл-аймақтан келген 10-15 жас аралығындағы 16 бала қатысты. Бозбалаларға қойылған талап – асаудың үстінде мейлінше құламай, тақымында ұзақ ұстау.

«Жарысты өткізуге Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы түрткі болды»,-дейді ұйымдастырушылар. Мақсат - ауыл мен қала баласының атқа міну мәдениетін насихаттау. Әрі қарай облыстың өзге аудандарында өтпек.

Мерген Тоқсанбай, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Салт-дәстүрімізді жалғастырып, осындай сайыс ұйымдастырдық. Бұл жалғасын таба береді деп ойлаймыз. Енді осы эстафетаны Атбасар мен Бұланды аудандарына жолдаймыз.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу