Отандасымыз Геннадий Головкин 9 маусым күні кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы жеңіліс дәмін сезбеген канадалық боксшы - Стив Роллс. Бұл жаңалықты Геннадий өзінің «Твиттер» парақшасында таратты.
Жерлесіміз әдеттеігідей «драмаға толы үлкен шоу жасайтынын әрі осы жекпе-жекте жеңу үшін барын салатынын жазған». Кездесу Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» алаңында өтеді. Боксшылар 164 фунт аралық салмағында кездеседі. Билеттер 27 сәуірден бастап сатылымға түседі.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/30091/)