Осыған орай әйгілі балуанның ауылы – Түркістан облысы Темірлан елді мекенінде қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Жарысқа Өзбекстан, Моңғолия, Ресей елдерінен, сондай-ақ, еліміздің барлық өңірінен, 300-ге тарта балуан қатысты.
Апайтөс жігіттер екі күн бойы боз кілемде 8 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Тартысты жекпе-жекте моңғолиялық палуандар көзге түсіп, 2-3-ші орындарды иеленді.
Ал халықаралық турнирдің бас жүлдесін қазақ балуаны Руслан Әбдіразақов жеңіп алды.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына - 148 жыл&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/30116/)