![Еліміздің кейбір аймақтарында күн күрт суытады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67395.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еліміздің кейбір аймақтарында дауылдық ескерту жарияланды. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, 4-5 қаңтарда Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 4-6 қаңтар аралығында Қарағанды облысында, 5-6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында күн райы күрт суытып, -30-35 градусқа дейін аяз болады.
4-6 қаңтарда Қызылорда облысында да ауа температурасы күрт төмендейді. 5-6 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде минус -15-20, кей жерлерде -25 градусқа дейін суытады.
Боранның күшеюіне байланысты Ақмола және Қостанай облыстарында кейбір бағыттағы жолдар жабылды. Ақмола облысында «Жақсы-Державинск» және «Қима-Терісаққан» жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. Қостанай облысында барлық автокөліктер үшін «Арқалық-Торғай», «Арқалық-Есіл», «Арқалық-Жезқазған» жолдары жабылды.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің кейбір аймақтарында күн күрт суытады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/30217/)