![Балабақшадан өрт шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67494.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтау қаласында балабақшадан өрт шықты. Апат 11-ші шағын ауданда орналасқан №24 мектепке дейінгі гимназияның екінші қабатында жалын тұтанудан болған. Тілсіз жау 3 шаршы метр аумақты шарпыды.
Абырой болғанда, балалар ғимаратта болмаған. Тек ойыншықтар, көрпе-кілемдер жанып кеткен. Төтеншеліктер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтап үлгерді.
Оқиға орнына 6 техника, жеке құрамнан 30 қызметкер жұмылдырылды. Балабақша қоршауға алынып, 5 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылған.
Татьяна Воронина, облыстық ТЖД өртке қарсы анықтау бөлімінің басшысы:
Өрттің шығу себебі ғимаратта өрт қауіпсіздігі талаптары қатаң түрде сақталмағандықтан болып отыр. Тексеріс нәтижесінде жылытқыш құралдарды ереже бойынша қолданылмауынан өрт тұтанған.
Жазира ӘБІЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Балабақшадан өрт шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/30416/)