![Төтенше жағдайлар министрлігі жолға шықпауды ескертеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67593.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз -15, -20 градус суық болса, түнде 22-27, кей жерлерде 30 градусқа дейін 0-ден төмен болады. Солтүстік облыстарда 30 градусқа дейін суытады.
Ауа райын болжаушы мамандар ақпанның 21-і мен 22-і күндері еліміздің көп бөлігінде аяз болады деп хабарлаған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен тәуліктерде ұйытқып соққан жел мен боранда жолда қалып қойған 400-ден аса адам мен бірнеше техника мамандардың көмегімен құтқарылды.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындардан аязды күндері жолға шықпауды ескертеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Төтенше жағдайлар министрлігі жолға шықпауды ескертеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/30615/)