![Ішкі әскерлер өткен жылды қорытындылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67611.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қатаң тәртіп - қауіпсіздік кепілі. Содан болар еліміздің күштік құрылымдары жиі әскери жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Өткен жылға қорытынды жасаған ҚР ІІМ Ішкі әскері былтыр 9 халықаралық, 8 республикалық деңгейдегі шараға қатысқан.
Оның ішінде мемлекеттік мекемелерді күзету мақсатында 6 мың 769 тапсырма орындаса, қоғамдық қауіпсіздікке қатысты еліміздің 19 шаһарында патрульдік-бекеттік қызмет бойынша 4 мың 635 тексеріс жүргізген.
Нәтижесінде, 71 мың 562 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. 326 суық және оқ-дәрімен атылатын қаруды және салмағы 148 келі есірткі затын тәркілеген. Осылайша өткен жылы көп істің көбесі сөгілді. Алда атқарылар жұмыстар да шаш етектен. «Қазақстан-2050» стратегиясында жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындау қажет.
Мұхаметқали Сатов, ҚР ІІМ Ішкі әскерлер бас қолбасшысының орынбасары:
Әскери кеңесте 2014-2016 жылдарға арналған Ішкі әскердің даму бағдарламасының негізгі ережелері қаралады. Бағдарлама ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясы талаптарының аясында жасалды.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ішкі әскерлер өткен жылды қорытындылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/30652/)