![Көлік өртену оқиғасы жиілеп кетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67630.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада көлік өртену оқиғасы жиілеп кетті. Осыған орай, Астана қаласы Сарыарқа аудандық Төтенше жағдайлар департаменті мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері көліктердегі өрттің алдын-алуға арналған үгіт-насихат шараларын жүргізді.
Олар, автокөлік иелеріне өртенген көліктердің суреттері салынған күнтізбелерді таратып, көше бойындағы ғимараттарға арнайы плакаттар ілді.
Айта кету керек, өткен жылдың өзінде Астанада 150-ге жуық көлік өртеніп, материалдық залалдың көлемі 12 миллион теңгеден асыпты.
Мақсат Басболатов, Астана қаласы Сарыарқа ауданының Төтенше жағдай басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері:
Өрт санының көбеюі, адамдардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, электр сымдар, сигнализация, автооталдырғыш осының бәрін машинаға орнатуы салдарынан көбейіп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көлік өртену оқиғасы жиілеп кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/30691/)