![Павлодардағы кәсіпорында жұмыскер әйел қайтыс болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67696.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Павлодардағы темір құбырлар шығаратын кәсіпорында жазатайым жағдайда 31 жастағы жұмыскер әйел қайтыс болды. Ауыр жүктерді көтеретін кранның машинисі түнгі сағат 23:00 шамасында кабинадан шығып, жүк көтергіштің ілмектерін тексермек болған. Сол уақытта құбырлар қаланған жақтау опырылып, Наталья Кейльман темірлердің астында қалып қояды.
Қазір оқиғаның анық-қанығын білу үшін «KSP Steel» ЖШС-да құқық қорғау органдары мен еңбек инспекторлары тексеру жүргізіп жатыр.
Данияр Аңдасов, ОТЖБ-ның өндірістік қауіпсіздік және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы:
Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстарын еңбекті қорғау департаменті басқармасының төрағалығы өткізеді.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодардағы кәсіпорында жұмыскер әйел қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/30826/)