![Мақсат Үсенов қамауға алынды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67747.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Алматы қалалық соты көлікпен кісі қағып, адам өліміне себепші болған алматылық Мақсат Үсеновті 45 күнге қамауға алып, жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шығарды.
Еске сала кетейік, 2013 жылғы 1-желтоқсанда Мақсат Үсенов- BMW-Х6 автокөлігімен алты жүргіншіні соғып кеткен. Олардың бірі - 23 жастағы Мұрат Қарабалин сол жерде қайтыс болды.
Қанат Молдашев, Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы:
Аталған апелляциялық сот ұйғарымымен аудандық соттың қаулысы бұзылып, өзгертіліп, Үсенов Әкімшілік Кодекстің 462-бабының 1-бөлігімен жауапқа тартылды. 45 тәулікке қамалып, 2 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мақсат Үсенов қамауға алынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/30929/)