![Жалған ақшамен есеп айырысқан](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67768.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өскеменде жалған ақшамен айласын асырып жүрген алаяқ ұсталды. Қаржы полицейлерінің мәлімдеуінше, ол облыс орталығындағы дүкендердің бірінен азық-түлік сатып алып, жалған ақшамен есеп айырысқан.
Заңсыз жолмен жасалған 5 мың теңгелік купюралар қаладағы бірнеше дүкеннің кассаларынан шыға бастаған.
Құқық қорғау органдары арнайы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жалған ақшаны өткізіп жүрген Алматы қаласының тұрғынын тұтқындады. Оның көлігінен 100 дана 5 мың теңгелік жалған ақша табылды. Енді ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Лейла Ысқақова, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
Қылмыстық іс қозғалып, азамат Можейкин қамауға алынды. Жалпы, жыл басынан бері жалған ақша жасау фактілері бойынша департаментте 21 қылмыстық іс қозғалды.
Берік КӨШЕРБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жалған ақшамен есеп айырысқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/30971/)