![Ұлттық құндылықтар орталығы ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67798.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығы ашылды. Өз уақытын, күші мен білімін пайдалана отырып, отбасылық құндылықтарды жаңғырту мен насихаттау ісіне үлесін қосуға ниетті азаматтардың қоғамдық ұйымы болмақ. Халқымыздың ұлттық-мәдени мұрасы мен дәстүрлі құндылықтарды дамытуда орталықтың маңызы зор, дейді ұйымдастырушылар.
Тұсаукесер бағдарламасында «Ұлы дала арулары», «Әйел болу да өнер» атты сән топтамасы таныстырылды. Сондай-ақ қазақтың «Қыз ұзату, келін түсіру» дәстүрлерінен үзінді көрсетілді.
Камал Әлпейісова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның консультанты:
Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жанынан осы орталықты құрып, біз өзіміздің ұрпағымыздың өздерінің түбірін, тамырын ұмытпасын, салт-дәстүрімізді білсін, оның озық-өнегесін үйренсін, бойына сіңірсін деген мақсатпен осы орталықты құрдық.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық құндылықтар орталығы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/31031/)