![Жастарға пәтер кілті табысталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67810.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қызылордада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 17 жасқа пәтер кілті табысталды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында баспаналы болған олардың қуанышында шек жоқ.
Көбі - отбасылы жандар. Мәселен, балалар үйінде тәрбиеленген Иларион Аданкин осыдан 10 жыл бұрын өзі секілді жетім қызбен шаңырақ құрды. Қазір Иларион мен Сәуленің 3 баласы бар.
Басында баспанасы жоқ отбасы ұзақ жылдар бойы үйден-үйге көшіп, әбден қиналған еді. Бүгінде отбасы 3 бөлмелі пәтердің кілтін алды.
Иларион Аданкин, Қызылорда қаласының тұрғыны:
Бұл өмірде расында да ғажайып сәттер болады екен. Бала-шағамызбен келіп тұрмыз бүгін. Қуаныштымыз, үлкен рахмет. Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жастарға пәтер кілті табысталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/31054/)