![Қарлы бораннан көлік қозғалысы тоқтады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67949.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» және Алматы облысындағы «Үшарал-Достық» күре жолында ақтүтек боран автокөліктердің адымын аштырмай тұр. Ал, «Сарыөзек-Көктал» трассасында тек жеңіл автомобильдерге жүруге рұқсат етілді.
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 687-729 шақырымы аралығында да көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Шынар Асанқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарлы бораннан көлік қозғалысы тоқтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/31332/)