![Су тасқынынан келген шығын толық өтеледі – Қ.Көшербаев](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67963.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақерке Берікбекқызы, тілші:
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жаңақорғанда тұрғындармен кездесіп, көшпелі селекторлық мәжіліс өткізді. Жиында болған жағдай жан-жақты сараланып, талқыланды. Мамандар әлі де тау басындағы мұздан келетін қауіп бар екенін айтады. Облыс әкімі сақтық шараларын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, әкім апаттан келген шығындар толық өтелетінін жеткізді. Ал синоптик мамандардың айтуынша, наурызда ауа райы +15,+20 градусқа дейін жылынады. Қазіргі уақытта термометр көрсеткіші -5-ті көрсетіп тұр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су тасқынынан келген шығын толық өтеледі – Қ.Көшербаев&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/31359/)