![«Нұр Отан» партиясының қатары толықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67997.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Олардың арасында Қазақ гуманитарлық заң университетінің президенті Мақсұт Нәрікбаев, Алматы облысы Әзірбайжан мәдени орталығының төрайымы Асылы Осман, Ауған соғысының ардагері, ұста Асхат Қасенов бар.
Сондай-ақ, өз саласының білгірі - жас мамандар да «Нұр Отанның» мүшесі атанды. Жаңа үлгідегі партбилет пластикалық карточка тәрізді. Бет жағында билет нөмірі, аты-жөні және партияға кірген мерзімі көрсетілген. Сырт жағында партия билетінің құпия саны мен республика бойынша тегін хабарласуға болатын орталықтың телефон нөмірі жазылған.
Сондай-ақ, жаңа партиялық билет бірыңғай электрондық мәліметтер базасына біріктірілген.
Абзал Құрманов, №6 Хромтау гимназиясының мұғалімі:
«Нұр Отан» партиясымен бірлесе, тығыз байланыста жұмыс істеймін. Алға қойған мақсаттарға жетуге тырысамын. Білім, ауыл жастары мәселесін партия мүшелерімен бірігіп шешеміз, деп ойлаймын.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Нұр Отан» партиясының қатары толықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/31424/)