![Жамбыл облысында апатқа ұшыраған автобуста 53 жолаушы болған](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68014.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жамбыл облысының Қордай ауданы аумағында болған көлік апатынан 9 адам қаза тапты. Тағы 11 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Апат түнгі сағат 10-дар шамасында Алматы-Ташкент тасжолының бойында болған. Ішінде 53 жолаушысы бар, Өзбекстан Республикасына қарай бағыт алған автобус «Мерседес» шағын автобус көлігімен соқтығысқан.
Апаттан қайтыс болғандардың біреуі - көлік жүргізушісі, өзгесі - көршілес Қырғыз елінің азаматтары. Көлік апатына тап болған жолаушыларды құтқаруға төтенше жағдайлар қызметінің 2 техникасы мен 9 қызметкері жұмылдырылды. Бұл оқиғаға байланысты облыстық Ішкі істер департаменті әзірге қандай да бір мәлімет беруден бас тартып отыр.
ҒаниҚАЛМАХАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында апатқа ұшыраған автобуста 53 жолаушы болған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/31457/)