![Алматы әуежайындағы жағдай тұрақтанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68041.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанадан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы да ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Алматыға қона алмай, Қарағандыдағы қосалқы аэродромға аялдауға мәжбүр болды. Ал Прага, Лондон, Стамбул, Әбу-Дабиге жолға шыққан жолаушылар рейстерін 3-4 сағат аэропортта күтулеріне тура келді.
Сондай-ақ, қалың тұман кесірінен «SCAT» әуе компаниясының Семей және Қарағанды бағыттарындағы рейстерінің кідіруіне де әсер етті. Дегенмен түс ауа жағдай қалыпқа түсті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы әуежайындағы жағдай тұрақтанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/31508/)