![Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68044.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атырауда мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 15 мекеме 100-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.
Бұдан бөлек, жәрмеңкеде «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өз кәсібін ашқысы келетіндерге кеңес берілді.
Сондай-ақ, әлеуметтік, ақылы қоғамдық бос жұмыс орындары, кәсіби оқыту және қайта даярлау курстары ұсынылды. Биыл Атырау қаласында мұндай жәрмеңке екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Екі жәрмеңкеге барлығы 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан өтініш білдіре келген.
Ұлан Төлетаев, I топтағы мүгедек:
Жоғары білімім бар. Бірақ, осы уақытқа дейін жұмыс табу қиын болды. Енді осы жәрмеңкеден үлкен үміт күтеміз. Құжаттарымызды алды. Жұмыс ұсынса, бірталай көмек болар еді.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/31514/)