![Көктемгі тасқын қарсаңында сақтық шаралары күшейтілуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68086.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазіргі таңда Шардара су қоймасынан дария арнасына секундына 1000 текше метр су жіберілуде. Оның 500-і Көксарай контрреттегішіне құйылып, қалғаны Сыр өзенімен төмен ағады.
Бүгінде сең көбесі сөгілді. Алайда облыстың солтүстік аудандарында мұз қалыңдығы 40 сантиметрді құрайды. Облыста 26 қауіпті аймақ бар. Соның 8-і қала тұсында. Осы орайда аймақ басшылығы өзен жағалауын қойтастармен бекіту үшін қаржы қажеттігін айтты.
Дәл мұндай таспен дарияның 7 жарым шақырымы көмкерілген. Енді 58 шақырымды ірі тастармен бекіту үшін 2 миллиард 40 миллион теңге қаржы керек.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көктемгі тасқын қарсаңында сақтық шаралары күшейтілуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/31593/)