![Д.Карнеги орталығының филиалы ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68154.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Лидер болу үшін не істемек керек? Бақыттың кілті неде? Осы сияқты сұрақтарға жауап іздеген қалың кітаптар әркімнің есінде. Авторы - америкалық Дейл Карнеги.
Дейл Карнегидің орталығы бүгін Астанада өзінің ресми филиалын ашты. Орталық қазақ жастарын лидер болуға баулымақ. Ал кәсіппен айналысамын дегендерге өз кеңесін айтып, жол-бағыт көрсетпек.
Жан-Луи Ван Дорн, Дейл Карнеги компаниясының вице-президенті:
Дейл Карнеги компаниясының әлемнің 88 елінде филиалы бар. Ал Қазақстанға ең алғаш келуіміз. Сіздерден көптеген хат келді. Соған сай, біз өз өкілдігімізді Астанадан ашпаққа бекіндік. Мақсатымыз - адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, жастардың өзіне деген сенімін көтеру, жетістікке жетудің амал-жолдарын табуға көмек беру.
Нұрбек БЕКБАУ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Д.Карнеги орталығының филиалы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/31721/)