![Қостанайдағы машина жасау зауытында жарылыс болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68158.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қостанайдағы машина жасау зауытындағы жарылыстан бір жұмысшы қаза тапты. Апатты оқиға «Агромаш - Холдинг» кәсіпорнында болған. Газ қоспасы лакпен әрлеу цехында гидрооқшаулау жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде жарылған.
Жарылыс салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қайтыс болды. Күйік шалған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Апатты жоюға 4 өрт сөндіру көлігі мен 28 адам жұмылдырылған.
Жарылыс болған кәсіпорын ресми тергеу аяқталғанша, ақпарат беруден бас тартып отыр.
Уәлихан Досанов, Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметкері:
Жарылыс салдарынан кәсіпорын жұмысшысы, 1983 жылы туған Ресей азаматының денесін күйік шалған. Сондай-ақ, техникалық қабаттың еденінен ер кісінің мәйіті табылды. Ол да Ресей азаматы, зауыт жұмысшысы.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайдағы машина жасау зауытында жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/31729/)