![Бюджет қаржысын қымқырған пошташылар сотталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68179.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Батыс Қазақстан облысындағы «Қазпошта» АҚ-ның қызметкерлері тағы да тұтылды. Қаңтар айында жетім балалардың ақшасын жымқырған бөлім басшысына айып тағылса, енді бюджеттік қаржыны қалтасына басқан қызметкерлердің бір тобы темір тордың ар жағына аттанды.
Істі болғандар - акционерлік қоғамның Сырым аудандық пошта байланысы бөлімінің басшысы, бас есепшісі және бас кассирі. Олар алдын ала сөз байласа отырып, 2010-2012 жылдар аралығында ірі көлемдегі қаржыны қолды қылған. Құқық бұзушылық қаржы полициясы жүргізген кешенді тексеру барысында анықталды.
Мәншүк Харесова, Қаржы полицясы басқармасының баспасөз хатшысы:
Сол уақыт аралығында 12,8 миллион теңге ұрланғаны анықталды. Сырым аудандық сотының үкімімен Терлікбаева, Нұрғали және Махметовтер әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Рауан ДИӘЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бюджет қаржысын қымқырған пошташылар сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/31770/)