![Отандық автоөндіріс өркендеп келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68350.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Өскеменге жұмыс сапарын спорт нысандарын аралаудан бастады. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде және жекпе-жек сарайында болды.
Спортты серік еткен жас өрендердің өнерін тамашалады. Спикер жастар үшін қолға алынған өңірдегі игі істерге оң бағасын берді. Бұдан кейін аймақ белсенділерімен кездесті.
Жалпы, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты. Өткен жылы ішкі өнім көлемі 2 триллон теңгені құрады. Бір ғана үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында 8 мың жаңа жұмыс орны ашылған.
Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған өзге бағдарламалар бойынша 14 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Өңірдегі осындай тындырымды тірліктерді атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Жолдауына ерекше тоқталды. Өндірісі өркендеген өлкеде жастардың кәсіпкерлікке бет бұруына жағдай жасау қажеттігін нақтылап атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Шығыс Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша көш бастап отырған аймақтардың бірі. Шағын және орта бизнестің даму қарқыны жақсы. «Үдемелі индустриалды-инновациялық», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларының нақты нәтижеге бағытталғанына басымдық беремін. Мұның бәрі ең бірінші зор еңбектің арқасы.
Айгүл БАЗАРОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Отандық автоөндіріс өркендеп келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32111/)