![Бірқатар аймақтарда күн суытады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68375.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы күрт суытуы мүмкін. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында желдің соғу жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерлерде 25 метрге жетеді.
Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК орталығының инженер-синоптигі:
Қазақстан аумағының көп бөлігінде жауын-шашын болып, жел екпіні күшейеді, кейбір аймақтарда тұман түседі. Көптеген облыстарда температура түнде -5 градусқа дейін суытады. Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде ауа температурасы түнде -2 градусқа дейін төмендейді.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бірқатар аймақтарда күн суытады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32147/)