![Қызылордада өрттен екі адам қаза тапты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68380.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қызылордада қала шетінде орналасқан тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, ерлі-зайыпты зейнеткерлер қаза тапты. «Тілсіз жау» бүгін таңғы сағат 5-тер шамасында басталған.
Оны ауыздықтауға 15 өрт сөндіруші және үш техника жұмылдырылды. Өкінішке қарай, апат салдарынан 70 және 78 жастағы ерлі-зайыптылар ажал құшты.
Майысжан Ибрашев, Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы:
Оқиға орнынан екі азаматтың мәйіті табылды. Қазіргі таңда өрт оқиғасына байланысты анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада өрттен екі адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32155/)