![Қостанай облысында жергілікті мәслихат сайлауы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68391.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қостанай облысында жергілікті мәслихаттардың сайлауы өтті. Өзге аймаққа қоныс аударған және мемлекеттік қызметке ауысқан 10 депутаттың орнына, 22 кандитат тіркелді.
Сайлауда жеңіске жеткендердің алтауы - аудандық, біреуі - қалалық және үшеуі - облыстық мәслихат депутатының мандатына ие болады. Осы науқанды өткізу үшін облыста 9 аумақтық, 10 округтік, 141 учаскелік сайлау комиссиялары жасақталды.
Сайлауға түскен 22 кандидаттың 12-сі «Нұр Отан» партиясының мүшелері, 10-ны өзін-өзі ұсыныушылар. 19 үміткердің білімі жоғары. Комиссия мүшелері мен сайлаушылар саяси науқанның барлық Заң талаптарына сай өткенін айтты.
Антонина Маркова, облыстық сайлау комиссиясының төрайымы:
Сайлаудың барлық дайындық іс-шаралары Заң талаптарын қатаң сақтай отырып, күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілді. Дауыс беру кезінде ешқандай ескертулер мен заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында жергілікті мәслихат сайлауы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32176/)