Астанада экологиялық айлық жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада экологиялық айлық жалғасуда

12.04.2014
Астанада экологиялық айлық жалғасуда
Ескерткіштер - ел тарихы. Көненің көзі ретінде бүгінге жеткен асыл қазыналарды кейінгі ұрпаққа қаз қалпында қалдыруымыз керек. Сол себепті астаналық 200 оқушы қолдарына күрек алып, қаладағы 24 тарихи ескерткішті абаттандырды. Бұл - экологиялық айлық аясында ұйымдастырылған 5 шараның біреуі. Алдағы уақытта оқушылар «Астана көктемі» аясында мектеп ауласын, ал «Менің сүйікті аулам» шарасында ата-аналарымен сенбілікке шығады. Онан соң «Сурет назар» акциясын өткізеді. Мұнда олар қалада құрылыс жүріп жатқан аймақтардағы жаяу жүргіншіге қауіп келтіреді деген жерлерді суретке түсіріп, жауапты органға жолдайды. Мәселен, ашық қалған құдықтар. «Жасыл ел-Мәңгілік ел» деп ұрандатқан оқушылар 19-сәуір күні өтетін жалпықалалық сенбілікке де бір кісідей ат салыспақ.
 
Ақнұр Әділбекова, оқушы:
Біздің акцияға қатысуымыздың себебі саябақтардың қоқыстарын тазалап, қаланың адамдарына үлгі көрсету. Және тазалағанымыз өзімізге де маңызды. Экологияға және денсаулығымызға да пайдалы.
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу