![Алматыда Қаржы полицейлерінің ісі бойынша сот отырысы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68506.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тәртіп сақшылары жазаға тартылуы мүмкін. Бүгін Алматы қаласының Түріксіб аудандық соты азаматтарға зорлық көрсеткен полиция қызметкерлері - Бақытжан Қолдасбеков пен Медет Әкімханның ісін қарады.
Былтыр жәбірленуші Айдарбек Есенов пен Мақсат Керімбаев ұрлыққа қатысы бар екендіктерін өздері мойындап келген. Алайда, полиция бөлімінің қызметкерлері сұрақ-жауаптан кейін екі күн бойы оларды соққыға жыққан.
Жәбірленуші Керімбаев резеңке таяқпен басынан ұрғанын, тіпті, тырнағына ине тығып, азаптағанын жеткізді. Сот-медициналық сарапатамасы қорытындысы Мақсат Керімбаевтың басы жарылып, қабырғаларының сынғанын анықтаған.
Ал, полицейлер болса өз кінәларын мойындамай отыр. Егер, сот полиция қызметкерлерін айыпты деп тапса, олар 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Гүлмира Керімбаева, жәбірленуші М.Керімбаевтың қарындасы:
Олар қылмыстарын мойындап барған уақытта, ұрып-соғып қорқытқан. Кейін білдік, Қаржы полициясының адамдары екен.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Қаржы полицейлерінің ісі бойынша сот отырысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32397/)