![Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68509.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада 19-сәуірде «Біз, таза қала үшін!» деген ұранмен жалпықалалық сенбілік өтеді. Оған 93 мыңға жуық адам қатысады. Бұқаралық іс-шараға елордалық 8 500 кәсіпкер қатыспақ. Олар өз ғимараттарына жақын аумақты тазалайды.
Еске сала кетейік, Астанада 7-сәуірден бастап, 7-мамырға дейін қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша экологиялық айлық өткізіледі.
Шынар Мәлік, кәсіпкер:
Жалпықалалық сенбілікке кәсіпкерлер қаражат жағынан да көмек береді. Бұл - біздің Астананы көркейтуге қосқан үлесіміз.
Нұрбек БЕКБАУ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32403/)