![Бүгін Қарағандыда жауған жаңбырдың аяғы қарға ұласады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68605.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін және ертең еліміздің бірқатар аймағында күн суытады. Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді.
Мамандардың айтуынша бүгін Қарағандыда жауған жаңбырдың аяғы қарға ұласады. Қатты жел тұрады. Ал ертең термометр бағанасы 5 градусқа дейін түседі. Алматы мен Жамбыл облыстарында күн күркіреп жаңбыр жауады. Түнде қар жауады. Ертең осы екі өңірде ауа температурасы минус 5 градусқа түседі.
Бүгін Астанада жаңбыр жауып, қатты жел тұрады. Түнде 2 – 4 градусқа дейін суытады. Күндіз 3 - 5 градус суық.
Алматыда күндіз жаңбыр жауып, қатты жел тұрады. Жаңбырдың салдарынан Алматы мен Жамбыл облыстарында су тасқыны болуы мүмкін. Мамандар жұршылыққа
өздеріне сақ болуға кеңес береді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Қарағандыда жауған жаңбырдың аяғы қарға ұласады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32581/)