![Махаббат Бекбосынова - Отбасы институтын нығайту керек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68616.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Отбасы институтын дамытып, одан әрі нығайту үшін ұлттық бағдарлама керек. Бұл туралы журналистерге ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынова мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қыркүйек айының 2-ші жексенбісі «Отбасы күні» деп белгіленді. Осыған орай, ұлттық комиссияның мұрындық болуымен «Мерейлі отбасы» жобасы қолға алынды.
Мақсат-еліміздегі үлгілі жанұяларды көпшілікке насихаттап, отбасы қатынастарында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Сондай-ақ, ұлттық комиссия келешекте жетімдердің жағдайы мен мүгедек балалардың мәселесін жіті назарда ұстамақ.
Махаббат Бекбосынова, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы:
Отбасындағы қатынас туралы айтқанда біз қазақы тәлім-тәрбиеге мән беруіміз керек. Отбасы институтын қайта қалпына келтіру арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады. Жетімдер санын азайтып, қыздарымызды жезөкшелікке салынудан қорғай аламыз. Маусым айында әжелер форумын өткіземіз. Отбасылық қарым-қатынасты нығайту үшін мұндай бастамалардың пайдасы тиері анық.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Махаббат Бекбосынова - Отбасы институтын нығайту керек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32601/)