![Өскеменде 1,5 жасар бала үйдің терезесінен құлап кетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68624.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өскеменде 1,5 жасар бала үйдің терезесінен құлап кетті. Абырой болғанда, аман қалды. Бірақ, әртүрлі жарақаттар алған. Оқиға болған жерге дереу келген жедел-жәрдем қызметі сәбиді облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
Дәрігерлер баланың жағдайын орташа деп бағалап отыр. Белгілі болғандай, кішкентай бала екінші қабаттағы пәтер терезесінің алдында ойнап отырған. Бір уақытта шыбын-шіркей өткізбейтін тор үзіліп, ол төмен құлап кеткен.
Жалпы, жыл басынан бері Өскеменде осындай екі оқиға болды. Осыдан тура үш апта бұрын, бір бала 5-қабаттан құлап, ауруханаға түскен болатын.
Талант Арыстанбеков, облыстық «Ана мен бала» орталығының нейрохирург-дәрігері:
Жабық бас-ми жарақатын алған. Өкпесі зақымданып, қол, аяқтарының еттері жарақаттанған.Қазір баланың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде.
Берік КӨШЕРБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскеменде 1,5 жасар бала үйдің терезесінен құлап кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32616/)