![«Kiosh-2014» конференцияда еңбек қауіпсіздігі талқыланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68642.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жыл сайын дүниежүзі бойынша 2 миллионға жуық адам өндірісте қаза табады. Қазақстанда бұл көрсеткіш Еуропа елдерімен салыстырғанда 6-7 есе көп.
Бұл туралы бүгін «Kiosh-2014» атты халықаралық конференцияда айтылды. Жиынға 50-ден астам шетелдік және отандық компания өкілдері қатысып, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ тау-кен, металлургиялық кешен, химия өнеркәсібі, энергетика, көлік инфрақұрылымы, құрылыс салалары бойынша көрме ұйымдастырылып, келушілерге қауіпсіздік шаралары туралы айтылды.
Серікқали Исатаев, ұйымдастырушы:
Биыл 4-рет осындай халықаралық конференцияны ұйымдастырып отыр. Көрмеде еңбекті қорғау саласындағы киімдер ұсынылған.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Kiosh-2014» конференцияда еңбек қауіпсіздігі талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32649/)