![Астанада заңсыз жолмен құм тасымалдағандар ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68647.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада заңсыз жолмен құм тасымалдағандар ұсталды. Оқиға сәрсенбі күні түнгі сағат 1-лер шамасында болды. Бірнеше азамат «Қарағанды-Астана» тасжолы арқылы көліктеріне құм тиеп өтпек болған.
Алайда, прокуратура қызметкерлерінің жүргізген тексерісі барысында олардың құмды заңсыз тасымалдағаны анықталды.
Темірлан Әділханов, Есіл ауданы прокурорының көмекшісі:
Тексеру барысында 5 ауыр жүк көлігі мен 2 жүк тиегіш көлігі ұсталды. Сөйтіп, көлік жүргізушілерінің заңсыз түрде құм тасымалдағаны анықталды. Қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада заңсыз жолмен құм тасымалдағандар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32660/)