
Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша сағат 10.25-те қазақстандық «KazSat-3» спутнигі тиелген ресейлік «Протон-М» зымырантасығышы ұшырылды.
«Протон-М» зымырантасығышы ғарышқа қазақстандық спутникпен қоса, ресейлік «Луч-5В» спутнигін де алып ұшқан.
Жоспар бойынша «KazSat-3» енді бірнеше сағаттан соң зымырантасығыштан ажырап, орбитаға шығуы тиіс.
Нұрбек БЕКБАУ
&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32714/)