![Атыраудағы пойыз апатына адами фактор себеп болуы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68698.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атыраудағы пойыз апатына адами фактор себеп болуы мүмкін. Мұндай ақпаратты Атырау көлік прокуратурасы таратты. Бұл оқиғаға қатысы бар адамдар мен істің мән-жайы қылмыстық істің шеңберінде тексерілуде.
Қазір оқиғаның бірнеше себебі нақтылануда. Олар - теміржолдың сапасы, машинистің қателігі және вагондардың техникалық жағдайы, делінген прокуратура таратқан ақпаратта.
Естеріңізге салайық, 19 сәуір күні кешкі сағат алты шамасында Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы Мақат-Сағыз станциясы маңында теміржолдан шығып кетіп, 7 вагон аударылып қалған болатын.
Соның салдарынан 14 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың 4 -еуі бүгінге дейін ауруханада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атыраудағы пойыз апатына адами фактор себеп болуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32755/)