![Шығыс Қазақстан облысында өрттен 2 адам қаза тапты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68711.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шығыс Қазақстан облысында өрттің салдарынан екі адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаБесқарағай ауданының Глуховка ауылында болған.
Шағын елді мекенде бір үй отқа оранғаны туралы шұғыл хабар құзырлы органдарға түнгі сағат 2-лер шамасында түсті.
Өрт сөндірушілер келгенше, үйдің төбесі ортасына түскен. Құтқарушылар үй ішінен 2 адамның күйген мәйітін тапты. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Жалпы, жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 160 өрт оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан барлығы 13 адам қаза тапты.
Берік КӨШЕРБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстан облысында өрттен 2 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32779/)