![Ғасыр жасаған әжеге пәтер кілті табысталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68717.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әйелдер күні қарсаңында Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өңірдегі 100 жасаған кейуананы арнайы құттықтай барды. Мерекеге орай бағалы сыйлықтарын да ала келді.
Биыл 8 наурыз күні 100 жасқа толатын Жамал Неталиеваға аймақ басшысы жаңа пәтердің кілтін табыстады.
Кейуана жалғыз өзі 7 бала тәрбиелеп өсіріп, қатарға қосты. Күн-түн демей, зауыттың қара жұмысын істеген. Балаларынан тараған 6 немере мен 8 шөбересі бар. Күні бүгінге дейін бір бөлмелі пәтерде тұрып келді. Пәтерге мұқтаж адам ретінде осыдан тоғыз жыл бұрын кезекке тұрған болатын.
Гүлшара Неталиева, қызы:
Анамның атынан соғыс ардагерінің жесірі ретінде пәтер сұрадық. Ғасырлық тойына жақсы тарту болып тұр. Рахмет айтамын.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ғасыр жасаған әжеге пәтер кілті табысталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32790/)