![Маңғыстау облысында мәслихат сайлауы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68729.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Маңғыстау облысында 3 сайлау округінде сайлау өтті. Онда 5 сайлау учаскесі бар. Сайлау учаскелерінің үшеуі - Ақтауда, біреуі - Түпқараған ауданында, тағы біреуі Бейнеу ауданында орналасты.
Сайлаушылар саны - 9 720 адам. Олар аудандар мен қалалық мәслихаттарда бос тұрған 3 мандаттың орнына лайықты депутат таңдау науқанына қатысты.
Мәселен, №13 сайлау учаскесінде екі кандидатқа дауыс берілді. Маңызды шараға қатысуда тұрғындар белсенділігі жоғары болды. Мұнда 1388 сайлаушы қалаған кандидатына дауыс беру құқығына ие болды.
Жамал Мәмиева, №13 сайлау учаскесінің төрайымы:
Сайлау басталғалы арыз-шағым түскен жоқ. Сайлау заңнамасына байланысты бәрі өз орнымен өтіп жатыр.
Жазира ӘБІЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысында мәслихат сайлауы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32813/)