![Астанада «Ана, мен сені күтемін!» атты акция өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31114.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Балғындардың мерекесі барлық бүлдіршінге ортақ. Сондықтан, осы күні бірде-бір бала назардан тыс қалмады. Мәселен, Астанада ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Ана, мен сені күтемін!» атты акция өтті.
Оған Астана қаласы жастар мәслихатының 50-ге жуық депутаты қатысты. Олар балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балғындардың фотосуреттерін алып, Есілдің бойымен бірнеше шақырым жерді жүріп өтті. Ал, жол-жөнекей өзен бойында серуендеп жүрген балғындарға шар таратты.
Ақерке Жұманбаева, Астана қаласы жастар мәслихатының хатшысы:
Бұл акцияның негізгі мақсаты - балалар үйіндегі ата-ана мейірімінсіз қалған бүлдіршіндерге қоғамның назарын аударту.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Ана, мен сені күтемін!» атты акция өтті &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32829/)