![Қаржы полициясы органдарының құрылғанына - 20 жыл](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31161.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қаржы полициясы органдарының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияда салтанатты шара өтті.
Алматы қаласында экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашуға қосқан үлесі үшін Қаржы полициясының 5 қызметкері әкімнің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қоса, екі қызметкер Қаржы полициясы агенттігі төрағасының бұйрығымен мерзімінен бұрын полковник шенін алды.
Департамент қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру және қозғалған қылмыстық істер бойынша соңғы 2 жылда мемлекетке өндірілген сома 6 миллиард теңгеге жеткен.
Жақсылық Жақыбаев, Қалалық Қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Қаржы полициясы органдары 1994 жылы 6 маусымда Үкіметтің Қаулысымен салық милициясы болған. Содан салық милициясының ішіндегі кішкентай басқармадан бүгінгі күні үлкен агенттікке айналып отыр.
Жазира ИСАЕВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаржы полициясы органдарының құрылғанына - 20 жыл &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/32889/)